$ 444.22  476.38  4.82

Ресейден кеткен Ксения Собчактың қайда екені белгілі болды

Собчактың коммерциялық директоры Кирилл Суханов бопсалау бойынша қамауға алынып, Собчак мұны "редакцияға жасалған қастандық" деп бағалап, Ресейден кетіп қалған болатын.

Ресейлік журналист және тележүргізуші Ксения Собчак Литвада. Бұл ақпаратты Литва Мемлекеттік қауіпсіздік департаментінің басшысы Дарюс Яунишкис ресми түрде растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DELFI басылымына сілтеме жасап.

"Ол Литвада. Израиль азаматы ретінде оған виза қажет емес. Ол осында қалаған уақытында келіп, 90 күн қалуына болды. Иә, біз бұл деректі растаймыз", - деді Zinių radijas радиосына берген сұхбатында.

Яунишкис Собчактың Литва қауіпсіздігіне қауіп төндіретіні туралы ешқандай дәлел жоқ деп мәлімдеді.

"Әзірге Литваның қауіпсіздігіне қауіп төндіретіні туралы нақты дерек жоқ. Егер мұндай ақпарат болса, тиісті шаралар қабылданар еді", - деді ведомство басшысы.
Литва парламентінің ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс жөніндегі комитетінің бұрынғы төрағасы Дайнюс Гайжаускас Собчактың келуі таңғалдырғанын мойындады.

"Собчактың Литваға келгенін, біздің елді таңдағанын білгенде қатты таңғалдым. Неліктен? Қандай мақсатта? Қызметтер бұл сұраққа біз үшін жауап береді деп үміттенемін", - деді ол.

Еске салайық, тележүргізуші Ксения Собчактың коммерциялық директоры Кирилл Суханов бопсалау бойынша қамауға алынып, Собчак мұны "редакцияға жасалған қастандық" деп бағалап, Ресейден кетіп қалған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары