Ресейдегі ішінара жұмылдыру шаралары аяқталды. Бұрынырақ айтылған 300 мың адам деген меже орындалды.
Бұл туралы Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуінде айтты.
Сергей Шойгудың Ресей президентіне жасаған баяндамасынан тоқталсақ:
– Ішінара жұмылдырудың бастапқы кезеңінде туындаған мәселелердің барлығы шешілді.
– Барлық қажетті 300 мың адам жұмылдырылды.
– Оның 218 мыңы полигонда, оқудан өтуде. Арнайы әскери операция
аймағында 82 000 адам бар. Оның 41 мыңы соғыс қимылдарына қатысады.
– Путин әскери комиссариаттардың барлық жүйесін жаңғырту қажеттігін айтты.
– Әскери комиссариаттар енді еріктілер мен келісімшарт бойынша қызметке үміткерлерді ғана қабылдайды.
— Владимир Путин РФ Қарулы Күштері қатарына қосылғандардың барлығына алғыс айтты.