$ 491.7  531.28  5.07

Илон Маск Twitter-дің директорлар кеңесін таратып жіберді

27 қазанда бірігу туралы келісім нәтижесінде Маск мырза Twitter-дің жалғыз директоры болды.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Кәсіпкер Илон Маск 27 қазанда Twitter компаниясын сатып алғаннан кейін директорлар кеңесін таратты.

Бұл туралы дүйсенбі күні АҚШ Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясының (SEC) базасында жарияланған құжаттарда айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«27 қазанда бірігу туралы келісім нәтижесінде Маск мырза Twitter-дің жалғыз директоры болды. Мәміле аяқталған сәтте бірігу жөніндегі келісімнің талаптарына сәйкес осыған дейін директор болған тұлғалар қызметін тоқтатты», - делінген құжаттардың бірінде.

Әлеуметтік желінің негізін қалаушылардың бірі Джек Дорси компаниядағы акциясының 2,4% үлесін сақтап қалды. Қазіргі уақытта оның жалпы нарықтық құны шамамен 1 миллиард долларды құрайтын 18 миллионнан астам акциясы бар.

Бұған дейін Маск Twitter-ді сатып алғаннан кейін компания басшылығының бірнеше мүшесін, соның ішінде бас директор Парага Агравал мен қаржы директоры Нед Сегалды жұмыстан шығарғаны хабарланған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Илон Маск