01.11.2022, 11:00

Тағы бір миллиардер Ресей азаматтығынан бас тартты

Мен отандастарымның бейбіт тұрғындарды өлтіріп, тонап жатқанын көргім келмейді.

Кәсіпкер Олег Тиньков Ресей Федерациясының азаматтығынан бас тартатынын мәлімдеді.

"Мен Ресей азаматтығынан ресми түрде бас тарттым! Мен Путиннің фашизмін көргім келмейді. Отандастарымның бейбіт тұрғындарды өлтіріп, тонап жатқанын көргім келмейді, - деді Instagram парақшасында.

Тиньков 1996 жылдан бастап АҚШ азаматтығын алған, бірақ 2013 жылы одан да бас тартты. 2020 жылы АҚШ билігі Тиньковтың салық төлеуіне қатысты сот тыңдауларын бастады, 2021 жылы бұл талаптар реттелді.

Тиньков бұрын TCS Group-тың 35% иеленді, бірақ 2022 жылдың сәуірінде бұл акцияны одан Владимир Потаниннің Интеррос компаниясы сатып алды.

Бұған дейін бірқатар БАҚ «Revolut» компаниясының негізін қалаушы Николай Сторонскийдің Ресей азаматтығынан бас тартқанын жазған болатын.