$ 494.87  520.65  4.91

Сеул мэрі Хэллоуиндегі қайғылы оқиға үшін халықтан жылап тұрып кешірім сұрады

Хэллоуинді тойлау кезінде 151 адам қайтыс болып, 100-ден астам адам жараланған еді.

Сеул мэрі Хэллоуиндегі қайғылы оқиға үшін халықтан жылап тұрып кешірім сұрады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Тұрғындардың өмірі мен қауіпсіздігіне жауапты Сеул мэрі ретінде мен осы апатқа жауапты сезінемін және кешірім сұраймын. Мен апаттан зардап шеккендер үшін дұға етемін. Қаза болғандардың туыстарына көңіл айтамын және қазір емделіп жатқан адамдардың тезірек сауығып кетуіне шын жүректен тілектеспін», - деді қала мэрі.

Еске салайық, сенбі күні түстен кейін Хэллоуинді тойлау кезінде 151 адам қайтыс болып, 100-ден астам адам жараланған еді. Қаза тапқандар ішінде қазақстандық қыз бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары