Танзанияда жолаушылар ұшағы көлге құлады, оның бортында 43 адам болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жергілікті полиция таратқан мәліметке сәйкес, Танзанияның солтүстік-батысындағы Букоба қаласының әуежайына қонуға бағыт алған ұшақ Виктория көліне құлаған. Апатқа ауа райының қолайсыздығы себеп болған деп хабарланды.
Жолаушылар ұшағы Дар-эс-Салам қаласынан ұшып келе жатқан. Жергілікті билік өкілдері мәлім еткендей, бортта болған 43 адамның 26-сы құтқарылған. Іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталған жоқ.
Сондай-ақ, Кагера аймағының бас дәрігері Исесанда Каникидің айтуынша, апаттан 3 адам қайтыс болған.