08.11.2022, 18:00

Ер адам жеті бірдей көршісін өлтірді

Қылмыскер бұл әрекетке не оймен барғаны әлі белгісіз.

Қытайдың солтүстігіндегі Шэньси провинциясында 56 жастағы ер адам көршілеріне шабуыл жасады. Салдарынан жеті адам қаза тауып, тағы екеуі жарақат алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шанчжоу қаласының қоғамдық қауіпсіздік департаменті қайғылы оқиға 7 қараша күні кешке болғанын мәлімдеді.

ТАСС агенттігінің жазуынша, ер адам көршілерімен жанжалдасып, төбелес шығарған. Куәгерлер полиция шақырған. Келген қызметкерлер жаралыларды ауруханаға жатқызды. Алайда бес адам қайтыс болып кетті.

Кейінірек жергілікті БАҚ күдіктінің денесі өзеннен табылғанын хабарлады. Полицияның айтуынша, ол өз-өзіне қол жұмсаған.

Қылмыскер бұл әрекетке не оймен барғаны әлі белгісіз.