14.11.2022, 17:20

Зеленский Херсонға барды

"Шын мәнінде бақыттымын. Адамдардың қуанышы көздерінен көрініп тұр" дейді Зеленский.

Украина президенті Владимир Зеленский бүгін, 14 қарашада Херсонға барды. Бұл туралы Reuters хабарлады.

Зеленский Украина жауынгерлері алдында сөйледі. Оларға алғыс айтып "Біз бейбіт өмір сүруге дайынбыз" деді.

Украина президенті НАТО мен өзге де одақтастарына Украинаға қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіре келе, АҚШ берген HIMARS реактивті артиллериялық жүйе соғыста маңызды рөл атқарғанын атап өтті.

"Шын мәнінде бақыттымын. Адамдардың қуанышы көздерінен көрініп тұр" дейді Зеленский.

"Украина қарулы күштері әрі қарай қайда шабуыл жасайды?" деген журналист сұрағына Зеленский "Мәскеуге емес… Бізге өзге елдің жері керек емес" деп жауап берген.

Өткен жұмада Ресей қорғаныс министрлігі Украинаның Херсон облысындағы Ресей қарулы күштері 11 қарашада Днепр өзенінің сол жағалауына өтті деп мәлімдеген. Украина әскері сол күні Херсонға кірген.

Reuters хабарына қарағанда, Зеленскиді Херсонның бас алаңында қала тұрғындары Украина туымен қарсы алған. Тұрғындардың кейбірі балаларымен келген.

Азаттық радиосы