$ 443.37  474.49  4.83

Путин Қадыровтың әйеліне «Батыр ана» атағын берді

Путин бұл атақты Шешен республикасының басшысы, Рамзан Қадыровтың жұбайы 10 баланың анасы Медниге тағайындады.

Ресейде "Батыр ана" атағы отбасы институтын нығайтуға және балаларды тәрбиелеуге қосқан зор еңбегі үшін беріледі. РФ президенті Владимир Путин бұл атақты Шешен республикасының басшысы Рамзан Қадыровтың жұбайы Медниге де тағайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қадыровтың ресми өмірбаянында 10 баласы бар деп көрсетілген: төрт ұлы мен алты қызы.

Осындай құрметті атақ Кеңес заманында берілген. 2022 жылдың 15 тамызында Путин оны қайта жандандыру туралы Жарлыққа қол қойды.

Құжатқа сәйкес, "Батыр ана" атағы 10 және одан да көп баланы дүниеге әкеліп, тәрбиелеген ресейліктерге беріледі.

Бұл атақ иегерлеріне 1 миллион рубль мөлшерінде біржолғы төлем, грамота және тиісті орден табысталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары