$ 442.05  474.14  4.74

Киевте екі тұрғын үйдің үстіне снаряд құлады (ВИДЕО)

Украинаның 15 аймағында әуе дабылы жарияланды.

Киевке әуе шабуылдары жасалды. Қала тұрғындары жарылыстың дыбыстарын естуде естіп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz.

Қалада әуе дабылы іске қосылды. Киевтің сол және оң жағалауының тұрғындары жарылыс дыбыстарын естіп жатқандары туралы хабарлады. 

Бұған қоса, Кривой Рог әскери әкімшілігінің басшысы Александр Вилкуль мен Николаев облыстық әскери басқармасының төрағасы Виталий Ким Ресейден зымырандардың жаппай ұшырылғаны туралы хабарлады.

Украинаның 15 аймағында әуе дабылы жарияланды.

Қала мэрі Виталий Кличконың айтуынша, екі снаряд тұрғын үйлердің үстіне түскен.

"Елордаға шабуыл. Алдын ала мәлімет бойынша, Печерский ауданында екі тұрғын үйге соққы берілді", - деп жазды ол өзінің Telegram-каналында.

Украина президенті кеңсесі басшысының орынбасары Кирило Тимошенко Киевте өртеніп жатқан тұрғын үйдің видеосын жариялады. Оқиға орнында құтқарушылар мен дәрігерлер жұмыс істеп жатыр, деді ол. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары