$ 490.84  536.88  5.04

Катардағы Әлем чемпионатында жанкүйерлер сыра сұрап шу шығарды

Әлем біріншілігі басталардан екі күн бұрын ФИФА стадионда сыра сатуға тыйым салды.
Фото: Getty Images/Global Images Ukraine
Фото: Getty Images/Global Images Ukraine

Эквадор құрамасының жанкүйерлері 2022 жылғы футболдан әлем чемпионатының ашылуында Катарға қарсы ойын кезінде сыра талап еткен. "Әл-Байт" стадионындағы трибунадан бірінші таймда осындай айқай естілген, деп хабарлайды Vesti.kz.

Матчтің бірінші жартысында эквадорлық жанкүйерлер "Queremos cerveza" деп айқайлаған, испан тілінен аударғанда бұл "біз сыра қалаймыз" дегенді білдіреді. 

Осылайша, бұл Катардағы мундиальда ойлап табылған бірінші "ұран" болды. 

Еске салайық, әлем біріншілігі басталардан екі күн бұрын ФИФА стадионда сыра сатуға тыйым салды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары