$ 446.49  475.38  4.79

Криштиану Роналду бразилиялық клубқа ауысуы мүмкін

37 жастағы ойыншы осы маусымда 16 матчқа қатысып, үш гол соқты және екі нәтижелі пас берді.
Сурет: Instagram/cristiano
Сурет: Instagram/cristiano

Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду бразилиялық "Фламенго" футбол клубына ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

"Фламенго" басшылығы Роналдуға келісімшарт ұсыну мүмкіндігін қарастырып жатыр. Роналдумен келіссөз әлі басталған жоқ, бірақ клуб қызығушылық танытып отыр.

Бұған дейін Роналду британиялық журналист Пирс Морганға даулы сұқбат беріп, "Манчестер Юнайтедпен" келісімшартын бұзғаны белгілі болды. 37 жастағы ойыншы осы маусымда 16 матчқа қатысып, үш гол соқты және екі нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары