Қытайда биліктің коронавирусқа қарсы жасап жатқан шараларына қарсы шыққандардың ереуілі күшейіп барады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Дереккөзге сүйенсек, үкіметтің коронавирусқа қарсы шараларына наразылық танытқандар енді саяси және үкіметке қарсы ойларын айта бастаған.
Мәселен, Шанхай, Бейжің және Нанкина қалаларының көшелеріне мыңдаған адам шыққан. ВВС тілшілері жергілікті полиция ереуілшілерді полиция көлігіне қамап жатқанын айтады.
Қытайдың ең ірі қалаларының бірі, сондай-ақ бүкіл әлемнің қаржы орталығына айналған Шанхай қаласында қазір халық «Си Цзиньпин, кет!» деп ұрандатып жатыр. Қазір халық көшеге шыққан қалаларда полиция күні-түні жұмыс істеп тұр.