$ 494.87  520.65  4.91

Әлемдегі ең үлкен Мауна-Лоа жанартауы атқылай бастады

Кальдера - атқылаудың соңында шыңның астында пайда болатын ойыстар.
Фото: www.bbc.com
Фото: www.bbc.com

Гавайи аралдарында соңғы 40 жылда алғаш рет әлемдегі ең үлкен белсенді Мауна-Лоа жанартауы атқылай бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Лава әлі кальдераның шетінен аса қойған жоқ және тау етегінде тұратын адамдарға қауіп төндірмейді, дейді жергілікті билік өкілдері.

Алайда АҚШ геологиялық қызметі жағдайдың тез өзгеруі мүмкін екенін ескертеді.

Гавайидің Үлкен аралында және оның айналасындағы суда жанартау айналасына күл шашырауы мүмкін екені ескертіліп, тұрғындарға абай болуға кеңес берілді.

Соңғы атқылау жексенбіге қараған түні жанартау шыңы Мокуавеовеоде басталды.

Кальдера - атқылаудың соңында шыңның астында пайда болатын ойыстар.

Осының арқасында Мауна-Лоа әлемдегі ең үлкен белсенді жанартаулардың бірі саналады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары