Ауғанстан билігіне келгелі бері "Талибан" қозғалысы алғаш рет көпшілік алдында өлім жазасын қолданды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы 7 желтоқсанда аталған қозғалыс өкілі Забиулла Муджахид мәлімдеді, деп жазады The Washington Post. Тәліптер бес жыл бұрын кісі өлтіріп, мотоцикл мен ұялы телефон ұрлаған ауған азаматын өлім жазасына кескен. Өлім жазасы көпшілік алдында жүзеге асырылды. Оған жергілікті халықпен қатар, мемлекеттік шенеуніктер де қатысты.
Мужахидтің айтуынша, өлім жазасына "Талибанның" жоғарғы жетекшісі Хайбатулла Ахундзада Мужахид өз келісімін берген. Бұл шешім үш соттың төрелігінен өткеннен кейін өте ыждаһаттылықпен қабылданған.
Жазаны жүзеге асыру орыны ретінде Фарах провинциясының әкімшілік орталығы таңдап алынды.
Айта кетейік, тәліптер АҚШ өз контингентін Ауғанстаннан әкеткеннен кейін 2021 жылдың тамызында билікке келген болатын. Ал ол ұйымға Қазақстанда тыйым салынған.