$ 498.34  519.72  4.85

Мәскеу маңында сауда орталығында жарылыс болды

Өртті сөндіруге 30 адам мен тоғыз техника жұмылдырылған, Төтенше жағдайлар министрлігінің авиациясы жұмысқа қосылуға дайын.
фото: ашық дереккөзден
фото: ашық дереккөзден

Мәскеу маңындағы өртенген "Мега Химки" сауда орталығында жарылыс болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"OBI дүкенінің құрылыс бөлімінде лак-бояу өнімдері тұрған жерде жарылыстар болды", - деп мәлімдеді елдің төтенше жағдайлар қызметі.

Өрт Мәскеу іргесіндегі "Mега Химки" сауда орталығындағы OBI дүкенінде таңғы алты шамасында басталған. Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің соңғы мәліметі бойынша, өрт аумағы 7 мың шаршы метрді құрайды.

"Өртті сөндіруге 30 адам мен тоғыз техника жұмылдырылған, Төтенше жағдайлар министрлігінің авиациясы жұмысқа қосылуға дайын", - делінген ақпаратта.

Прокуратураның мәліметінше, қазір жәбірленушілер туралы мәліметтер нақтыланып жатыр. Ал кейін Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі бір адамның қаза болғанын хабарлады.

Өрттің негізгі нұсқасы ретінде қасақана өрт қою әрекеті қарастырылып жатыр, дейді елдің төтенше жағдайлар қызметі. Сондай-ақ өрт фактісі бойынша Мәскеу облысының прокуратурасы тергеу жүргізуді бастады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары