Үшінші мерзімге сайланғаннан кейін жыл сайын 10 желтоқсанда БАҚ өкілдерімен кездесіп, бірқатар сұраққа жауап беруді дәстүрге айналдырған Ресей президенті Владимир Путин биыл баспасөз мәслихатын өткізбейтін болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың айтуынша, биыл Владимир Путиннің үлкен баспасөз конференциясы болмайды, бірақ Кремль Мемлекет басшысы журналистермен шетелдік сапар барысында сөйлеседі деп сендірді.
Владимир Путиннің алғаш рет үлкен баспасөз конференциясы 2001 жылы өтті, ал 2012 жылы Кремльге оралғаннан кейін мұндай шара жыл сайын желтоқсанда өтіп келді. Конференция 4 сағатқа созылатын.
Владимир Путин баспасөз конференциясы кезіне көбіне эономика мен әлеуметтік сала мәселелеріне қатысты сұрақтарға жауап беріп, жиі статистикалық мәліметтерді келтіретін.
Агенттіктің жазуынша, бір жағынан, баспасөз мәслихаттарында Ресей қоғамы үшін өте маңызды тақырыптар көтерілгенімен, екінші жағынан Путин кей сұрақтарға нақты жауап беруден жалтаратын.