Түркияның Айдын провинциясында мейрамханада жарылыс болды, деп хабарлайды Sputnik.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, 7 адам қаза тапты, деп хабарлайды TRT Haber жергілікті билікке сілтеме жасап.
"Айдын губернаторы Гусейн Аксой Назилли ауданындағы мейрамханада болған жарылыстан, алдын ала мәліметке сәйкес, 7 адам көз жұмғанын айтты", - деп хабарлайды телеарна. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
"Негізгі болжам бойынша мейрамханада газ баллоны жарылған", - деді губернатор телеарна эфирінде.
Тағы төрт адам жараланды деген ақпарат бар.