$ 447.4  477.55  4.76

Путиннің қауіпсіздік қызметінің бұрынғы қызметкері Ресейге депортацияланды

Астана қаласының ауданаралық тергеу соты Жилинді 40 тәулікке қамаған.
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

36 жастағы Михаил Жилин Новосибирскте Федеральді күзет қызметі Ақпарат пен арнайы байланыс орталығында 18 жыл жұмыс істеген. Бірақ мобилизация басталған соң Қазақстанға кетіп қалған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Астанада ұсталған Жилин кейін Ресейге депортацияланды. Жилиннің жұбайы мен балары шекарадан бекет арқылы өткен. Ал өзі орман арқылы шекараны кесіп өтпек болғанда полицияның қолына түскен.

БАҚ мәліметінше Михаил Жилин мемлекеттік құпияны білгендіктен Ресейден кетуге тыйым салынған. 

12 желтоқсанда Астана қаласының ауданаралық тергеу соты Жилинді 40 тәулікке қамаған. Ал Ресейдің Ішкі істер министрлігінің сайтында Михаил Жилинге қылмыстық бап бойынша іздеу жарияланғаны туралы ақпарат пайда болды. 

Оның жұбайы Қазақстандағы адам құқығы бойынша халықаралық бюро арқылы күйеуін Ресейге қайтарғанын білген. 

"Адвокаттар және құқық қорғаушылар арқылы іздеуге тырысып жатырмын. Олар әзірге іздеу жүріп жатқанын айтты", – дейді әйел.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары