08.01.2023, 14:20

Қытайдың шығысында жол апатынан 17 адам мерт болды

Фото: ашық дереккөз
22-сі жарақат алған.

Қытайдың шығысындағы Цзянси провинциясында болған көлік апаты салдарынан 17 адам қаза тапты. Бұл туралы жексенбі күні China Central Television мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Апат салдарынан 17 адам мерт болып, 22-сі жарақат алған. Зардап шеккендер медициналық мекемелерге жіберілді. Оқиғаның себептері анықталып жатыр», делінген хабарламада.

Апаттың жай-жапсары айтылмаған.