$ 481.84  531.33  5.07

Иранда шеруге шыққан тағы екі адам дарға асылды

CNN телеарнасы наразылыққа қатысқаны үшін өлім жазасына кесілгендер саны төртеу болғанын жазды.

Иранда былтыр қыркүйекте басталған наразылыққа қатысқан тағы екі адам дарға асылды. CNN телеарнасы наразылыққа қатысқаны үшін өлім жазасына кесілгендер саны төртеу болғанын жазды. – деп хабарлады turkystan.kz.

22 жастағы Мұхаммад Мехди Карамиге мен 39 жастағы Мұхаммад Хуссейниге «Басидж» қызметкерлерін өлтірді деп айып тағылған. Бұл іс бойынша тағы үш адам өлім жазасына кесіліп, 11 адам түрмеге отырғызылған.

Amnesty International жазуынша, айыпталушыларды күшпен мойындатқан. Хуссейнидің адвокаты желтоқсанда өзі қорғап отырған азаматтың аяусыз азапталғанын, күшпен мойындату заңсыз екенін мәлімдеген. Билік болса, наразылыққа қатысушыларды адвокат таңдау құқығынан айырған. Өз кезегінде Иран басшылары күшпен мойындатқанын жоққа шығарған.

Amnesty International хабарлауынша, наразылыққа қатысушылар адвокат таңдау құқығынан айырылған.

Еске салайық, 2022 жылғы қыркүйекте Иранда жаппай наразылық басталды. Бұған 22 жастағы белсенді Махса Әминиді «хиджаб кию ережесін сақтамағаны үшін» ұстап, кейін оның қаза тапқаны себеп болған.

aikyn.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары