$ 494.87  520.65  4.91

Ресей мен Беларусь алты жыл бойы Олимпиада ойындарын көрсете алмайды

Халықаралық олимпиада комитеті осындай шешім қабылдап отыр.

Халықаралық Олимпиада комитеті Ресей мен Беларусь елін 2026 жылдан 2032 жыл аралығындағы Олимпиада ойындарынан еуропалық хабар таратушы елдер тізімінен алып тастады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Айта кетейік, Олимпиада ойындарын Еуропа аумағында көрсетуге берілетін медиақұқық Еурпалық хабар тарату одағы мен Warner Bros.Discovery компанияларына берілген болатын. Одақ пен осы компания 2026 жылғы және 2030 жылғы қысқы Олимпиада ойындары, сондай-ақ, 2028 жылғы Лос-Анджелесте өтетін жазғы Олимпиада ойындары мен Брисбенде өтетін 2032 жылғы жазғы Олимпиададан эфир таратады. 

Жалпы алғанда, 2026-2032 жылдар аралығындағы ойындар Еуропаның 49 елінде көрсетіледі. Ал, Ресей келесі жылы Парижде өтетін Олимпиаданы көрсету құқығына ғана ие.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары