20.01.2023, 17:40

Қырғызстанда енді билік органдарының барлық жұмысын қырғызша жүргізу міндеттелді

фото: ашық дереккөзден
Құжатты 88 депутаттың 75-і қолдап дауыс берді, біреуі қарсы шықты.

Қырғызстанда енді билік органдарының жұмыс тілі қырғызша болады. Бішкекте 18 қаңтарда Жогорку кенеш депутаттары "Қырғыз Республикасының мемлекеттік тілі туралы" заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Енді қырғыз тілі мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін өзі басқару органдарының, барлық меншік нысанындағы кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың, сот ісін жүргізудің, Қарулы күштердің, географиялық атаулардың және тағы басқа қызметінде міндетті болады.

Құжатты 88 депутаттың 75-і қолдап дауыс берді, біреуі қарсы шықты.

Қырғызстанда орыс тілі ресми тіл ретінде қолданылады.