$ 481.84  531.33  5.07

Түркиядағы жер сілкінісі құрбандарының саны 912-ге жетті

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ екенін мәлімдеді.
фото:  ria.ru/ Depo Photos
фото: ria.ru/ Depo Photos

Түркияның Кахраманмараш провинциясында болған жер сілкінісі салдарынан құрбан болғандар саны 912 адамға жетті. Ал жарақат алғандардың саны бес мыңнан асып отыр.

«Бұл Түркия тарихындағы 1939 жылдан бергі ең жойқын жер сілкінісі болды. Қаза тапқандардың саны - 912 адам. Жараланғандар саны - 5385 адам», - деп мәлімдеді ел президенті Режеп Тайип Ердоған. 

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Түркияның оңтүстік-шығысындағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ екенін мәлімдеді. 

"Астана уақытымен сағат 15.00-дегі жағдай бойынша Түркиядағы елшіліктің мәліметіне сүйенсек, қазақстандықтардан көмек көрсету туралы өтініш түскен жоқ. Қазір консул Түркияның төтенше жағжайлар басқармасымен тікелей байланыста. Жер сілкінісінен қаза тапқандар мен зардап шеккендер тізімінде қазақстандықтар жоқ", - деп мәлімдеді Смадияров апта сайынғы брифингте.

Еске салсақ, дүйсенбіге қараған түні Түркияның оңтүстік-шығысы мен Сирияда жойқын жер сілкінісі болды. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары