Соңғы мәліметтер бойынша, Түркия мен Сириядағы жер сілкінісі кезінде кем дегенде 3,5 мың адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Түркия билігінің мәліметінше, 2900-ден астам адам қайтыс болды. 15 мыңнан астам адам жарақат алды. Үйінділер астында мыңдаған адам қалды. Күннің суықтығы жағдайды ушықтыра түсті.
Билік Сирияда кем дегенде 1400 адам қаза тапты деп хабарлады. Әзірге зардап шеккендер жөнінде мәлімет жоқ.
6 ақпанда таңертең Түркия мен Сирияда бірнеше күшті жер сілкінісі болды. Магнитудасы 7,8 баллға дейін жетті. Ел тұрғындары кем дегенде тағы 10 жер сілкінісін сезінді.