$ 481.84  531.33  5.07

Түркияда құлаған ғимараттардағы ақауларға байланысты 8 адам қамауға алынды

Ұсталғандарға ақауы бар ғимараттар тұрғызды, сонымен қатар бағандарды кесті деген айып тағылды.
Фото: Stan.kz
Фото: Stan.kz

Түркияда жер сілкінісінен қираған ғимараттардан табылған ақауларға байланысты 8 адам, соның ішінде құрылыс мердігерлері қамауға алынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі AlJazeera басылымына сілтеме жасап.

Ұсталғандарға ақауы бар ғимараттар тұрғызды, сонымен қатар бағандарды кесті деген айып тағылды.
Түркияның оңтүстік-шығысындағы Шанлыурфа провинциясында бас прокуратура бастаған тергеу жер сілкінісінен қираған ғимараттарда табылған ақауларды зерттеуді жалғастыруда. Осы іс бойынша 8 адам қамауға алынған.
Тергеу аясында қамауға алу және жауап алу жалғасып жатыр.

Бұған дейін Стамбул әуежайының полицейлері жер сілкінісі кезінде толығымен қираған Хатай провинциясындағы тұрғын үй кешенінің бас сәулетшісі Мехмет Ясар Коскунды ұстаған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары