Әлиев пен Пашинянның кездесуі АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің қатысуымен Мюнхен конференциясы аясында өтті.
«Кездесу барысында Прагада қол жеткізілген келісімге сәйкес Армения мен Әзірбайжан арасындағы бітімгершілік келісім жобасы бойынша жұмыс барысы, сондай-ақ аймақтық көлік инфрақұрылымын ашу және екі ел арасындағы делимитацияны жүзеге асыру мәселелері қозғалды» деп хабарлады Армян үкіметі.
Армения премьер-министрі Никол Пашинян аймақтағы ұзақ мерзімді бейбітшілік пен тұрақтылыққа шынайы кепілдік беретін келісімге қол қоюға ниетті екенін қуаттады.
Сонымен бірге ол Әзірбайжан тарапынан Лачин дәлізін заңсыз қоршалғанын, Таулы Қарабақтағы гуманитарлық, экологиялық және энергетикалық дағдарысты атап өтіп, Армения мен Әзірбайжан арасындағы бейбітшілік үдерісінің үздіксіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.
orda.kz