$ 490.84  536.88  5.04

Садыр Жапаров Қырғызстанның бұрынғы президенттерінің басын қосты

Бұрынғы президенттер реніштерін айтып, кемшіліктерін мойындады. Ең бастысы, олар бір-бірін кешіре білді.
Фото: © АКИpress
Фото: © АКИpress

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров кеңес ұйымдастырып, оған бұрынғы мемлекет басшыларын – Асқар Ақаев, Құрманбек Бакиев, Роза Отунбаева, Алмазбек Атамбаев, Сооронбай Жээнбеков қатысты. Бұл ақпаратты АКИpress агенттігіне ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Ербол Сұлтанбаев растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Кездесу орны белгілі себептермен бейтарап аумақ болып белгіленді", - деді баспасөз хатшысы.

Жапаров өзінің Facebook-парақшасында үндеу жариялап, онда жаһандану дәуірінде ішкі тұрақтылық пен ұлттық бірлікке ұмтылған елдер ғана дамып, қуатты мемлекетке айналатынын түсіндірді.

"Еуразия аумағында ұлы державалар құрған ежелгі қырғыздардың бүгінгі халі қандай? Бірліктің жоқтығынан, билік үшін күрестің кесірінен біз ежелгі империямыздан айырылып, Орталық Азияның бір бұрышында қалып бара жатқан сияқтымыз. Тәуелсiздiгiмiздi жарияласақ та, дамуымыз неге бәсеңдеп барады? Осындай сұрақтар бірінен соң бірі туындайды...

Бізде қазір солтүстік-оңтүстік, жеті облыс болып бөлініп, әрқайсы тек өз қамын жеп отырғанымен қоймай, өкінішке қарай, қазір қырғыз халқы әр президентті жақтап, сол арқылы тағы жетіге бөлініп жатыр.

Бірақ Қырғызстанның болашағы біз үшін маңызды болса, "Ақаев", "Бакиев", "Атамбаев", "Отунбаева", "Жээнбеков" және т.б. ұғымдарды жоюымыз керек, баршаның басын біріктіре отырып, халықтың болашағын ойлауымыз керек (басшылар бірлігі болмаса қолдаушылар біріге алмайды).

Бастапқыда халық сайлап, соңы қайғылы аяқталған барлық президентті жинасақ, бәлкім, бір жұдырықтай жұмылған біртұтас ел болармыз деген ой мені көптен бері қинап жүрді...", - деп жазды Жапаров.

"Бұрынғы президенттер реніштерін айтып, кемшіліктерін мойындады. Ең бастысы, олар бір-бірін кешіре білді. Менің де көздеген мақсатым сол еді. Менің ойымда тек әр президенттің жақтастары, жеті облыстың халқы саясатты тастап, бір бағытқа шоғырланып, ұлттың, экономиканың дамуын ойлауы керек еді.

Иә, халқымыздың көзқарасы бойынша қарасаңыз, әркімнің қателігі болды: қайғылы оқиғалар, тіпті қантөгіс.

Ақаевтың кезінде – Ақсый оқиғасы, Бакиевтің кезінде – сәуір оқиғасы, Уақытша үкімет кезінде – маусым трагедиясы, Жээнбековтің кезінде – қазан оқиғасы. Өкінішке қарай, Қырғызстан тарихында бұл оқиғалардың бәрі қара әріппен жазылған. Осылайша қырғыз жастарынан – ұлдарымыздан айырылдық. Қаза болғандардың туыстары мен жақындарының наразылығын түсінемін.

Әр қырғызстандық бірігуі керек! 5-10 жылдық мүддені ойламай, Қырғызстанның мүддесін ойлайық. Маған дейін келген мемлекет басшыларының әрқайсына жеке мүддем де, жеке қызғаныш та жоқ. Осыны баса айтуым керек", - деп жазды Жапаров.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары