20.02.2023, 16:40

АҚШ президенті Джо Байден Киевке келді

Фото: Ulysmedia.kz
Украина әлсіз, ал Батыс елдері бөлініп кетті деп есептеген Путин қатты қателесті.

Киевте жүрген АҚШ президентінің суретін Украина президенті Владимир Зеленский жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Джозеф Байден, Киевке қош келдіңіз! Сіздің сапарыңыз – украиналықтардың бәрін қолдаудың жарқын көрінісі», - деп жазды Зеленский.

Өз кезегінде Байден де твиттерге жазба қалдырды.

«Мен президент Зеленскиймен кездесіп, демократияға мызғымас адалдығымызды, Украинаның егемендігі мен аумақтық тұтастығын растап, қолдау үшін бүгін Киевке келдім. Украина әлсіз, ал Батыс елдері бөлініп кетті деп есептеген Путин қатты қателесті», - деп жазды ол.