Украина басшысы Владимир Зеленский АҚШ президенті Джо Байденнің елге сапарының нәтижелері туралы айтып берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Джо Байден аяқ астынан Киевке келді.
Зеленскийдің сөзінше, Украина мен АҚШ басшысының келіссөздері тағдыршешті әрі өте жемісті болған.
Украина президенті Ақ үй иесімен екі жақты әңгіменің нәтижесіне ризашылық білдіріп, оның ұрыс даласына әсері көп болатынын атап өтті.
"Біз үшін 2023 жыл жеңіс жылы болады деп үміттенеміз", – деді ол.
Зеленскийдің айтуынша, Украина қазір өте қиын кезеңді бастан кешіп жатыр. Бірақ АҚШ пен басқа әлемнің көмегі арқасында «тарихи жетістікке» жетеді.
Айта кетейік, Еуроодақ елдері Украинаны оқ-дәрімен қамту мәселесіне бас қатырып жатыр.