$ 498.34  519.72  4.85

Ресей Украинаға қарсы ядролық қару қолдануы мүмкін бе – РФ елшісінің жауабы

Бізде ядролық қаруды қашан қолдануға болатыны нақты көрсететілген доктрина бар.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Ресей Украинаға қарсы соғыста тактикалық ядролық қаруды қолданбайды. Бұл туралы Ресей Федерациясының Ұлыбританиядағы елшісі Андрей Келин LBC радиостанциясына берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Бұл қақтығыста қолданылмайды. Бізде ядролық қаруды қашан қолдануға болатыны нақты көрсететілген доктрина бар –  Ресейге ядролық шабуыл жасалған жағдайда немесе конвенциялық шабуыл біздің мемлекетімізді жойып жіберерлік қауіп төндірсе", – деді Келин.

Елші қазіргі қақтығыс аталған санаттардың ешқайсысына жатпайтынын атап өтті.

Айта кетейік, бұдан бұрын БҰҰ Ресей соғыс ашқалы Украинада қаза тапқан бейбіт тұрғындар санын жариялаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары