$ 442.05  474.14  4.74

Сәбит Рысбаев: Ең басты байлық азаматтарымыздың өмірі

Экономист өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жоқ жерден байбалам көбейтіп жатқандарды сынға алды.

Фото: abai.kz
Фото: abai.kz

Қаржы сарапшысы, қоғам қайраткері Сәбит Рысбаев қазіргідей қысылтаяң уақытта халықты  «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруға» шақырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Экономист өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жоқ жерден байбалам көбейтіп жатқандарды сынға алды.

Қазіргі уақытта әлеуметтік желіде байбалам көбейіп кетті. Қайсы ақпараттың рас, қайсысы жалған екенін де біле алмай қалдық. Айдың күннің аманында өткенде Тараздағылар шулап жатыр. Қырғыздан келетін су қаланы алады екен дегендей. Оған кейде блогерлер де ілігіп алады. Кезіндегі коронавирусты ұшақпен шашып жүр деп әңгіме айтқандай.

Негізі мұндай кезде керісінше бірігіп жұмыс істеген дұрыс. Кінәлі адамдар міндетті түрде табылады. Жазаланады. Ешкім ешқайда қашып кетпес. Ең басты байлық азаматтарымыздың өмірі. Денсаулығы. Бәрін қалпына келтіреміз деп отыр. Үлкен компаниялар жәрдем жіберуді бастап кетті. Блогерлер болмаса белгілі бір аудиториясы бар адамдар сенімді ақпаратпен бөліссе. Осы топан сумен бірігіп күресуге шақырса деп ойлаймын. Бұл да бір табиғаттың мінез көрсетіп жатқаны болар. Құдай қаласа бұдан да өтерміз. Бас аман болсын, - деп жазды Рысбаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары