$ 442.05  474.14  4.74

Енді су тасқынын да онлайн режимде көруге болады

Бұл жайында Цифрлық  даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді.

Фото: видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр

Қазақстанның батысындағы су тасқынынан зардап шеккен Орал мен Атырауда болып жатқан жағдайды енді онлайн режимде бақылап отыруға болады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл жайында Цифрлық  даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеді

Кез келген азамат мына сілтеме бойынша өтіп, су басқан аумақтардағы жағдайды онлайн түрде көре алады. Онлайн түрде Орал және Атырау қалаларындағы су тасқынына дайындық бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды және жергілікті жердегі жағдайды тексеру бойынша жұмыстарды көру мүмкіндігі бар. Үлкен суға дайындық бойынша атқарылып жатқан жұмыстар үшін белсенді азаматтарға, компанияларға, төтенше жағдайлар қызметі мен әкімдік қызметкерлеріне алғыс білдіремін, - деп жазды Мусин.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары