$ 443.35  475.54  4.82

Депутат: Қыз ұрлау мәселесінде Қазақстан Эфиопиямен бірдей тұр

Эфиопия қайда? Қазақстан қайда?

Фото: aikyn.kz
Фото: aikyn.kz

Қазіргі кезде елімізде қыз алып қашу жоқтың-қасы деуге де болады. Бұл туралы бүгін Мәжіліс отырысында депутат Анас Баққожаев айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

90-жылдары Кеңес үкіметі ыдырағаннан кейін Қазақстанда экономикалық жағдай қиын болды. Сол кезде «қыз алып қашу» деген үдеріс пайда болды. Оны көбі қазақтың дәстүрі деп шатастырды. Өзіңіз білесіз, біздің қазақ құда түсіп, жөн-жоралғысын әдемі орындайтын халық. Бірақ осы экономикалық жағдайдың қиындығына байланысты 90-жылдары ондай фактілер болды. Қателесетін шығармын, бірақ білуімше, қазір қызды алып қашу жоқтың-қасы деуге де болады. Себебі еліміз дамыған өркениетті елміз. Батыс мемлекеттеріне теңесеміз дейміз. Бірақ википедияда қызды ұрлау мәселесінде Қазақстан Эфиопиямен бірдей тұр. Эфиопия қайда? Қазақстан қайда?, - деді депутат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары