Сырға салу мен қоса құдалықты өткізген.
Белгілі блогер, Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз Адайбекова сырғалым атанды. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлсті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жаңа құдаларды қарсы алып, құдалыққа ұласты. Жанар Айжанова қызы мен күйеу баласына ізгі тілегін арнады.
"Бір жастықта қартайыңдар, үбірлі-шүбірлі болыңдар, ұстасқан қолдарын ажырамасын, бақытты болыңдар", деді ол.
Айта кетейік, Айжұлдыздың күйеу жігіті блогер, саяхатшы-Сәкен Қағаров. Осыдан бірер күн бұрын Адайбекова құрбыларымен қоштасу кешін де жасаған болатын.