$ 518.07  595.21  6.37

«Есімнен танып қала жаздадым»: Димаш Құдайберген сымбатымен желіні жарды (ФОТО)

Тазы - қазақтың ежелгі серігі, еркіндік пен үйлесімділіктің символы.

Фото: әлеуметтік желі
Фото: әлеуметтік желі

Димаш Құдайберген желідегі парақшасында ерекше суреттер жариялап, көптің ықыласына бөленді, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Танымал әнші қазақтың тазысымен бірге суретке түскен. 

Тазы - қазақтың ежелгі серігі, еркіндік пен үйлесімділіктің символы. Ол ұлттық реңк беріп, Димаштың образына тереңдік қосты, - деп жазылған жазбада. 

Осы тұста желі қолданушылары Димаштың сымбаты мен қазақылығына тәнті болып, түрлі пікір қалдырды. 

«Әдемі деген сөз аздық етеді. Керемет!», «Соңғы апталарда жазбаларыңмен қуантып жүрсің», «Ғажап. Есімнен танып қала жаздадым», «Талант, харизма, ішкі рухани күш, бәрі бірігіп жалындап тұр», «Мына сұлулықты көріп, есімнен айырылып қалдым», «Не деген сұлулық десеңші», - деп жазды желі қолданушылары. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 34
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары