$ 518.34  591.06  6.27

«Қатарластарың хиджаб киіп кетті, ал сен жайқала бер»: Мадинаның жаңа бейнебаяны талқыға түсті (ВИДЕО)

Сонымен қатар әншінің бұл әніне таңғалып жатқан жұрттың қарасы да қалың тәрізді. 

Фото: @sadvakasovamadina
Фото: @sadvakasovamadina

Жақында Мадина Сәдуақасова әлеуметтік желідегі парағына жаңадан видео жүктеді. Видеоға пікір жазған желі қолданушыларының сөзінше, бұл – әнші Мадина Сәдуақасованың жаңа бейнебаяны, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Мұнда ол:

«Сен маған уәде бергенсің,
Сыбырлап құлағыма.
Барайық айтқан екенсің,
Сенімен кездесу бағына.

Күнде-күнде жаным деген сөзің дәру,
Сенің ғана құшағыңнан жылу алу.
Бақытқа апаратын ғашықтардың қаласына,
Өзіңмен қол ұстасып бірге бару» дейтін әнді орындап тұр.

Сонымен қатар әншінің бұл әніне таңғалып жатқан жұрттың қарасы да қалың тәрізді. 

 

«Іші де, сырты да жас. Өзіңізбен қатарлылар хиджаб киіп кетті, ал сіз жайқала беріңіз, Мадина», «Мадикош, клип құтты болсын! Әнің домбыраның үнімен, сыңғырлаған даусың бірге үйлесіп тұр деп тағы айтамын», – деп жазып жатыр оның қолдаушылары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 2
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары