$ 512.32  582.92  6.29

«Ақша төлеуді талап етті»: Желі қолданушысы Баян Мақсатқызының жобасын сынады (ВИДЕО)

Айта кетейік, танымал продюсер «Алтын ханым-2025» шоуына кастинг жариялап, 3000 әйелдің ішінен 27 әйелді таңдап алғанын жазған еді.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

TikTok қолданушысы танымал продюсер Баян Мақсатқызына өз ренішін білдірді, —  деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Неліктен Баян Мақсатқызы «Мисс Қазақстан» жобасына тек блогерлер мен бизнесмен әйелдерді қатыстырады? Ол онсызда танымал емес пе? Өзімнің 1.80 сантиметрлік бойыммен барлық стандартқа сай келемін деп ойладым. Бірақ ең бірінші әлеуметтік желіде оқырмандарың болуы керек екен, сонымен қатар қатысу үшін ақша төлеуді талап етеді», — деп жазды ол.

Сонымен қатар, мұндай жобалар жаңа жұлдыздарды шығару керек екенін айтты.

«Мисс Қазақстан» қарапайым қыздар өзінің жұлдызын жаға алатын жоба болуы керек. Ал біздің елде бойы кішкентай болса да модель болып жүргендер бар», — деді желі қолданушысы.

Айта кетейік, танымал продюсер «Алтын ханым-2025» шоуына кастинг жариялап, 3000 әйелдің ішінен 27 әйелді таңдап алғанын жазған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары