$ 512.32  582.92  6.29

«Ұлт пен дәстүрді кемсітті»: Жігер Ауыпбаев пранк жасаймын деп жұрттың сынына қалды (ВИДЕО)

Келіннің бетін әнші Нұрлан Еспанов ашып, шошып кетті.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Танымал әнші Жігер Ауыпбаевтың жасаған "Беташар тойы" пранк болып шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әнші Жігер Ауыпбаев үйленіп жатқандығын айтып, әріптестері мен достарын шақырған. Алайда қалыңдық рөлінде африкалық қыз шықты.

Келіннің бетін әнші Нұрлан Еспанов ашып, шошып кетті. Өнер иесі негізінде жаңадан жарық көрген бейнебаянының тұсаукесеріне шақырған екен.

“Жігертай мұның қалай болды?! Ұсталмай жүр едім, ақыры ұсталдым ғой. Бақытты бол енді. Бет ашамын деп ойламадым. Залға сәл кешігіп келдім. Той өлеңсіз болмайды. 1-2 әнімді дайындап отырғанмын. Су ішіп тұрғанда менің атымды айтып жатыр екен. Беташарға 22 мың теңгемді салдым. Қалғанын той шашуға берермін деп ойладым. Бір кезде маған бет ашқызды. Ашып қалғанда өзім де шошып кеттім. Ақ адам табылмады ма дедім. Өзім де ештеңені ұқпай тұрдым”, – деді Нұрлан Еспанов. 

Тойға арнайы келген журналист Анна Данченко да таңданысын жасырмады. Ол тойға Қытайдан ұшып келген. 

Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, әншінің әс-әрекетін сынап жатыр. 

“Ана қара қыз осындай рөлге намыстанбаған ба?!”, “Сау адамның тамағын ішіп, ауру адамның тірлігін жасапты”, “Келінді Қызылордадан алдым дей ме?!”, “Шын үйленгенде ешкім келмейді”, “Нұрлан ағамыздың түрі қашып кетті”, “Еріккендер есіріп кетті”, “Жігіттер, мына қылықтарың жарамады. Африкалық қызға күліп жатыр. Оның орнында жігіт болғанда басқаша болатын еді. Ұлт пен дәстүрді кемсіту болды”, – деп жазды көпшілік. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 6
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары