Қара халық далада тұр, жаңбыр да жауып жатыр.
Ақтөбе тұрғыны өңірде көптеп кездесетін аялдама мәселесін көтерді. Бұл туралы problema.aktobe инстаграм парақшасы жариялады, - деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Желіде жарияланған суреттерден автобус күтетін аялдаманың жоқ екенін байқауға болады. Сәйкесінше, жолаушылар ауа райының қолайсыздығына қарамастан өз автобустарын далада тұрып күтуге мәжбүр.
"ДСК аялдамасы. Қара халық далада тұр, жаңбыр да жауып жатыр. Аялдама қайда? Бюджет қайда кетіп жатыр? Әлде тағы да жемқорлық па?", - деп жазды ашынған тұрғын.
Аталмыш мәселеге қатысты Ақтөбе қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тиісті шаралар қабылданып жатқанын айтып, қысқа-нұсқа жауап берген. Алайда қала тұрғындары бұл сөздерден мезі болғандарын жарыса жазуда.
"Бәрінің айтатын сөзі осы", "Қаланың қақ ортасы ғой мынау...", "Әрине, жемқорлық", "Жаңа қоныс-3 ауданында да осы жағдай. Су-су болып, бүрсең қағып тұрамыз", - деді халық.