$ 518.21  590.09  6.3

Қазақстан футзалшылары Вьетнамнан ойсырай ұтылды

Келесі матч сейсенбі - 15 сәуір күні өтеді.

Фото: ҚФФ
Фото: ҚФФ

Хошиминде жексенбі күні Вьетнам мен Қазақстан футзал құрамалары арасында алғашқы жолдастық матч өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ойын 4:1 есебімен Вьетнам құрамасының жеңісімен аяқталды. Бірінші таймның 15-минутында алаң иелері қарсыласқателігін және Игитаның қақпаны бос қалдырғанын пайдаланып, алға шықты. Алайда екінші таймның аяқталуына сегіз минут қалғанда қазақстандықтар есепті теңестірді: гол авторы - Ержан Кәрменов.

Ойынның аяқталуына шамамен 83 секунд қалғанда алаң иелері тағы бір гол соғып, қайта алға шықты. Одан кейін жарты минуттан соң вьетнамдықтар өз алаң жағынан бос қақпаға тағы бір доп енгізді. Қазақстандықтар тағы шабуылға шықты, бірақ соңғы 9 секунд қалғанда тағы да бос қақпаға гол жіберіп алды – осылайша матч 4:1 есебімен аяқталды.

Бұл Хошиминде Вьетнам мен Қазақстан құрамалары арасындағы жоспарланған екі жолдастық кездесудің алғашқысы болды. Келесі матч сейсенбі - 15 сәуір күні өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 3

Серіктес жаңалықтары