$ 518.21  590.09  6.3

Алматы облысында сот залынан қашып кеткен күдікті 13 күннен кейін ұсталды

Күдікті Ақши ауылында ұсталды.

Фото: Алматы облысының полициях
Фото: Алматы облысының полициях

Алматы облысы Полиция департаментінің мәліметінше, 1 сәуір күні Қарасай ауданаралық мамандандырылған қылмыстық сотының аумағынан қашып кеткен күдіктіні ҚР ІІМ криминалдық полиция департаментінің қызметкерлері ұстаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қашқынның қозғалу бағыты анықталып, тәртіп сақшылары оның жасырынған жерін тапқан.

— Арнайы бөлім сарбаздарының күшімен күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Негізгі қылмысынан бөлек, оған қамаудан қашқаны үшін Қылмыстық кодекстің тиісті бабы бойынша қосымша айып тағылды, — деп хабарлады департаменттен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары