"Қазақтың домбырасына тіл тигізгендердің дұғасы қабыл болмайды”.
Әлеуметтік желіде тараған видеода Нұрлан имамның ұлттық құндылықтарға қатысты бір уағыз айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.
“Домбыраны “харам” дегендердің намазы да, дұғасы да қабыл болмайды. Қазақтың домбырасына тіл тигізгендердің дұғасы қабыл болмайды”, - дейді Нұрлан имам.
Ал желі қолданушылары бұған қатысты түрлі пікір қалдырды.
"Өттерің жарылып кетсін, музыкалық аспаптың бәрі харам", "Домбыра харам емес қой, бірақ намаз қабыл болмайды дегеніңіз болмады","Арабқұлдарға нүкте қойды", "Аңқау елге арамза молда деген осы шығар", "Ойына келгенді айта беретін болыпты", - деп жазды.