Оның сөзінше қазір қазақ өз дәстүрін ұстанғанда оны хадис- шариғатпен салыстырмалы бағалау әдетінен арылуы керек.
Ережесіз жекпе жекте төбелеспен аты шыққан, қазіргі Параламент Мәжілісінің депутаты Ардақ Назаровтың салт-дәстүр жайлы айқан пайым-пікірі мен түсінігінің теріс екенін тағы бір этнограф теріске шығарды. Философ, публицист Әбдірашит Бәкірұлы дін де, хадис те қазаққа төреші бола алмайтынын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оның сөзінше қазір қазақ өз дәстүрін ұстанғанда оны хадис- шариғатпен салыстырмалы бағалау әдетінен арылуы керек.
«Хадис-шариғат қазақтың салт-дәстүрлеріне, ұлттық менталитетіне, ойлау жүйесіне «Төреші» бола алмайды, болмау тиіс! Ал, бұл, яғни — «шариғат жолымен жүру» — діншілдердің өз еркі — шариғатымен жүре берсін, хадисін қолдана берсін…
Тек ҚР Заңдарын бұрмаламасын, өзгертпесін, қоғамның моралдік сферасын өзіне қарай бұрмасын», — деді этнограф.
Әбірашит Бәкірұлының сөзінше, Ұлттық тәрбиені дін меншіктей алмайды. Ұлттық сана, дәстүрді хадис қалыпқа сала алмайды. Қазақтың ұлттық ойлау жүйесі діннен, шариғаттан жоғары.
«Діншілдер дінін ұстанып, тыныш жүрсін — жұмағына дайындалып. Өзге шаруаның бәрі қазақтыкі: жаман болса — өзінен, жақсы болса — өзінен: біз Тәуелсіз мемлекеті бар, Еркін халықпыз!», — деді ол.