$ 516.01  582.47  6.26

Астана әкімдігі парадқа кіргізбей қойған ардагер қазақтан шыққан тұңғыш нейрохирург Теңдік Изақов болып шықты

7 мамырда әскери шеру өтетін алаңға келген 95 жастағы ардагерді жас жігіттер кіргізбей қойған.

Фото: Астана әкімдігі
Фото: Астана әкімдігі

Астана әкімдігі Жеңіс шеруін көруге тыл ардагерін кіргізбей қойып, ұятқа қалған еді. Ол ақсақал қазақтан шыққан нейрохирург, профессор Теңдік Изақов болып шығып, шенділер екі есе ұятқа қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

7 мамырда әскери шеру өтетін алаңға келген 95 жастағы ардагерді жас жігіттер кіргізбей қойған. Оқиғаның видеосы тез арада желіні шарлап, көпшіліктің қатал сынына ұшырады.

Содан кейін елорданың жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Илья Скуб пен Ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрдәулет Әлімханов қарияның үйіне келіп, кешірім сұраған.

Айтуларынша, іс-шара өткен аумаққа тыл ардагерлері мен олардың туыстары тізәм бойынша кіргізілген, алайда парадқа қатысу туралы Теңдік Изақовтың отбасынан өтініш түспеген көрінеді.

Әкімдік қызметкерлері Теңдік Изақовты 9 мамыр күні өтетін гүл шоқтарын қою салтанатты рәсіміне шақырып кетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 3
Ашулы 16

Серіктес жаңалықтары