$ 442.05  474.14  4.74

«Басқалармен де жүріп көрдім»: жігіті қайтыс болған 27 жастағы бойжеткен қиналып жүргенін айтты

Адам бақытты болу үшін өмірге деген құлшынысы болу керектігін, бәрі де өзінің қолында екенін білемін.
Фото: roststroi.com
Фото: roststroi.com

Сәлеметсіздер ме құрметті оқырман! Менің осында жазып отырған себебім, қатты  күйзеліп жүрмін. Адам бақытты болу үшін өмірге деген құлшынысы болу керектігін, бәрі де өзінің қолында екенін білемін. Бірақ осы құлшыныс менде болмай тұр.

Менің айтайын деген ішкі мұңым, оны қалай жеңерімді білмеймін. Құрбыларым да, туыстарым да қолдарынан келгенінше қолдау көрсетіп жүр, бірақ ... Сонда да сіздердің кеңестеріңіз қажет. Жасым 27-де, осы уақытқа дейін бір ғана жанды сүйдім, бірақ Алла Тағала оныда көп көрді. 1 жылға жуық болды жігітімнен айырылып қалғаныма, ол қазір мені тек көктен ғана бақылап, көріп жүргендей сезінемін. Оны еш ұмыта алмайтын шығармын.

Үйленеміз деп жүр едік. 2 жылдай кездесіп, сырласып, бір-бірімізге әбден бауыр басып қалып едік. Бірақ бірге болуды жазбаған екен.

Одан кейін де қанша жігіт үйленуге ұсыныс жасады, білмеймін танысқан жігіттен бұрыңғы жігітімнің бойындағы қасиетін іздеймін де тұрамын. Оны қалай ұмытсам болады, қалай жаңа өмір бастасам болады? Ата-анамда көзіміздің тірісінде сені қолдан ұзатып, немере сүйейік дейді, бірақ сондай кезде өте қиын, оларға не айтарымды білмеймін.

Менде біреуді сүйгім келеді, сүйікті жар, ибалы келін, ана атанғым келеді. Бірақ қашан екенін білмеймін.

Психолог кеңесінеде бардым. Еш нәтиже жоқ.

Араларыңызда осыған ұқсас жағдай болғандар барма, оны қалай жеңуге болады? Оны ұмытқым келмейді, тек жүрегімнің бір бұрышында мәңгіге сақтағым келеді. Түсіме де жиі кіреді, менің бақытты жүзімді көргісі келетінін айтады.

Өтінемін сіздерден, артық әңгіменің қажеті жоқ, онсызда қиналып жүрмін. Тек өздеріңіздің жылы кеңестеріңіз қажет. Ұзақ болса, қате кетсе кешірім сұраймын.

Дереккөз: Alashainasy.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#адам өлімі