$ 514.5  582.67  6.35

«Менің телефоным қайда?»: Жамбылда жоғалған баланың анасының әрекеті сынға қалды (ВИДЕО)

Баласының жоғалып кеткенін байқамаған анасы оны көргенде бірінші “телефоным қайда” деген сұрақ қойған.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Жамбыл облысының Шу ауданында полиция қызметкерлері көшеде адасып жүрген үш жасар баланы тауып үйіне апарды. Алайда баласының жоғалып кеткенін байқамаған анасы оны көргенде бірінші “телефоным қайда” деген сұрақ қойған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Әйелдің әрекеті желіде сынға қалды. Полиция көшеде патрульдеу кезінде үш жасар баланың кезіп жүргенін байқаған. Кейін оны көршілері де байқап, ата-анасының үйін көрсеткен. Алайда ата-анасы баланың жоғалып кеткенін байқамаған болып шықты.

Анасы баласын полиция қызметкерлерімен бірге көргенде, бірінші кезекте одан: "Менің телефоным қайда?” деп сұрақ қойған. Бұл реакция желі қолданушыларын ашуын тудырды. Көпшілік әйелдің баласының хәлін сұраудың орнына телефонын іздегенін сынады.

"Мұндай аналарды есепке қою керек! Небәрі үш жаста болған бала үйіне аман келіп тұр. Ал ол болса телефонын іздеп отыр. Бейжай қарамаған полиция қызметкерлеріне рахмет", – деп жазды желі пайдаланушылары.

Қазақстандықтар қазір көптеген ата-аналардың жауапкершілігі төмен екенін алға тартты. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары