Nomad Promotions компаниясының хабарлауынша, Астанада өтетін Жәнібек-Анауэль айқасы андеркарды толық анықталды.
5 сәуір күні Астанада өтетін кәсіпқой бокс кешіне қатысатын барлық боксшылардың есімі белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
BoxRec порталындағы ақпаратқа сәйкес (https://boxrec.com/en/event/915006), бокс кешінде жалпы 10 жұп былғары қолғап шебері шаршы алаңға шығады. Басты жекпе-жекте Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11КО) франциялық Анауэль Нгамиссенгуге (14-0, 9КО) қарсы чемпиондық белдіктерін қорғайды.
Сонымен қатар, жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Сұлтан Зауырбек (19-0, 13КО)
Оңтүстік Африка өкілі Азинга Фузилемен (18-2, 12КО) қолғап түйістіреді.
Бокс кешінің андеркарды төмендегідей:
Батыр Жүкембаев VS Кейн Гарднер;
Баходир Жалолов VS Игорь Шевадзуцкий;
Отабек Холматов VS Джейсон Кэной Манигос;
Балауса Муздиман VS Мария Тереза Пинили;
Махмұд Сабырхан VS Николас Тордецилла;
Төрехан Сабырхан VS Джири Хауке;
Әлішер Әбдуәлім VS Ашиш Чоудхари;
Ақниет Әлімбай VS Джозеф Дубский.