$ 512.34  582.07  6.31

Роналду армандаған чемпиондық атақ қазақстандыққа бұйырды

Финалдық кездесуде оның командасы «Әл-Насрды» 5:3 есебімен тізе бүктірді.

Фото: vesti.kz
Фото: vesti.kz

Қазақстан футзал құрамасының жетекші ойыншысы Дуглас Жуниор Сауд Арабиясының «Әл-Ула» клубымен бірге ел чемпионы атанды. Бұл туралы 1bol.kz жариялаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Финалдық кездесуде оның командасы «Әл-Насрды» 5:3 есебімен тізе бүктірді.

Дуглас бұл матчқа капитан ретінде шығып, екі гол соғып, бір нәтижелі пас беріп, жеңіске айтарлықтай үлес қосты. Айта кетерлігі, әйгілі португалиялық футболшы Криштиану Роналду «Әл-Наср» сапында екі жарым жыл ойнап, чемпиондыққа қол жеткізе алмағанымен, Дугласқа мұндай табысқа жету үшін бір маусым ғана жеткілікті болды.

Еске сала кетсек, Дуглас «Әл-Ула» сапына 2023 жылдың қыркүйегінде, әлем чемпионатынан кейін қосылған болатын. Саудиялық клуб оны 120 мың долларға (шамамен 57 миллион теңге) сатып алды. Бұл сома футзалда сирек кездесетін ірі трансферлік келісімдердің бірі саналады.

36 жастағы Дуглас Қазақстан құрамасында 2015 жылдан бері ойнап келеді. Осы уақыт аралығында ол 93 ойын өткізіп, 67 гол соқты – бұл ұлттық құраманың тарихындағы үздік көрсеткіш. Еуро-2026 іріктеу кезеңінде Дуглас бес матчта төрт голмен көзге түсті.

Биылғы күзде жанкүйерлер оны Еуро-2026 жарысына жолдама сарапқа салынатын плей-офф ойындарында көруге үмітті. Бұл турнир Дуглас пен оның әріптесі Игитаның ұлттық құрамадағы мансабындағы соңғы жарыс болуы ықтимал.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 9
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары