$ 516.01  582.47  6.26

«Тонағысы келеді»: Қуат Хамитов Алматылық қыздар туралы ойын айтты

Спортшы өзінен.ақша сұрайтын қыздардан көңілі қалғанын атап өтті.

Фото: желіден алынды
Фото: желіден алынды

Қазақстандық танымал ММА шебері Қуат Хамитов алматылық қыздар жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

«Жаттығудан келе жатырмыз. Әлішер екеуміз бір-бірімізге «Алматының сұлу, табысты, өз-өзін қамтамасыз ете алатын қыздары қайда?» деп сұрап келе жатырмыз. Үш-төрт жылдан бері сондай қыздарды кездестіре алмай жүрміз. Кездесесің, үш күн сөйлескен соң ақша сұрай бастайды, бізді тонағысы келеді. Көрікті, табысты қыздар, сендер қай жерде қыдырасыңдар? Сендерді қайдан табамыз? Сондай қыздар қайда жүретінін айтыңдаршы», - деді Хамитов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Естеріңізде болса, ақпан айында Хамитов ресейлік спортшы Магомед Исмаиловпен кездесетіні туралы ақпарат пайда болған. Алайда жақында ғана қазақстандық бұл айқастың өтпейтінін айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары